Қостанай облысының әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының әкімдігінде Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс  Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен және құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өтті.

Отырыс барысында өңір үшін өзекті мәселелер қаралды: Қостанай және Рудный қалаларында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыс.

Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері жүргізіліп жатқан жұмыс, өз өңірлеріндегі проблемалар, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша Қостанай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Н.З. Бәсенова, облыстың Полиция департаменті бастығының орынбасары К. А. Меңдібаев және білім басқармасының басшысы А. Е. Ибраева тыңдалды.

Комиссия төрағасы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жеке адамға бағытталған профилактикалық іс-шараларды арттыру және «тәуекел тобындағы» адамдарды уақтылы анықтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге ала отырып, жүргізілетін профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар берілді.

Қылмыстың алдын алу, анықтау және жазаның бұлтартпастығы – әрбір  құқық бұзушылық бойынша бірыңғай шаралар кешені болуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version