enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған
“БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы “Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару” бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 851,19 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 874,71 млрд. теңгені құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 877,09 млрд. теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 99,39 млрд теңгені құрады.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 наурызда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,19%, ҚРҰБ депозиттері – 2,93%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,59%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,37%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,06%, МҚҰ – 1,17%.
Активтердің 36,21%-ы инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы саналатын эталондық портфельге қатысты инвестициялар портфелін қалыптастыруды көздейтін индекстік басқаруда болады. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,36%.
Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен “кері РЕПО” операциялары бойынша кіріс 359,93 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 211,27 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 15,08 млрд теңгені, өзге кірістер 0,56 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.
2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,66 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,39%-ды құрады.
2026 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 86,06%, РЕПО операциялары – 8,57%, ҚРҰБ депозиттері – 5,36%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен “кері РЕПО” операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 19,48 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,48 млрд теңге кіріс әкелді.
2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 72,84 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 10,63%.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 99,39 млрд теңгеден асады.
01.03.2026ж. жағдай бойынша “Alatau City Invest” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 16,52 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,09 %, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 12,34%, ҚР ҚМ МБҚ – 3,22%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,26%, РЕПО – 7,16%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,80%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,13%, МҚҰ – 4,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,02%.
Атап кетейік, портфельдің 55,41% теңгемен, 43,52% АҚШ долларымен, 1,06% басқа валюталарда ұсынылған.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,90%.
“Alatau City Invest” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.03.2026ж. жағдай бойынша “Halyk Global Markets” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,88 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 26,64%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 6,72%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,97%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 13,52%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,78%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,19%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,03%, ҚРҰБ ноталары – 12,05%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 64,38%-на, АҚШ долларымен 35,62%-на тең.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,49%.
“Halyk Global Markets” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.03.2026ж. жағдай бойынша “BCC Invest” АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,61 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 21,50%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,13%, РЕПО – 15,46%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,82%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,93%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,19%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,53%-ын, АҚШ долларымен 31,47%-ын құрайды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,82%.
“BCC Invest” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.03.2026ж. жағдай бойынша “Сентрас Секьюритиз” АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 6,4 млрд теңге.
ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 24,25%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 15,52%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,21%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 9,02%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 5,44%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,65%, РЕПО – 8,06%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,77%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатарына – 2,56% инвестицияланды.
Ұлттық валютада портфельдің 66,68%-ы, АҚШ долларында 33,32%-ы инвестицияланды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,65%.
“Сентрас Секьюритиз” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.03.2026ж. жағдай бойынша “Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ “Halyk Finance” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 55,98 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 18,95%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,13%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,54%, МҚҰ – 12,24%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,05%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,24%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,12%, ҚРҰБ ноталары – 5,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,02%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,89%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,54%, АҚШ долларында – 34,36% инвестицияланды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,29%.
“Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ “Halyk Finance” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.
ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы жинақтар төлемдерге құқық алған кезде инфляция деңгейінен төмен емес сақталуының мемлекеттік кепілдігімен қорғалады.
Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1192084?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау