01.04.2026 ж. “Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” мәжіліс залында Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ. Асқарұлы, “Kasym ASES” ЖШС серіктесі С. Арыстанбек және Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының прокуроры А.Өтепбергеннің қатысуымен қытайлық инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялық жобаға байланысты ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Іс-шараға қоғамдастық мүшелері, округ Ақсақалдар кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар ұсынылған жобаны оң қабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1191938?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау