Катонқарағай ауданы, Барлық ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Ұсақталған мұз ауданы 21000 ш.м. құрайды. Бұзылған мұз қабаты кептелу қаупін азайтып, арна арқылы оңай өтеді.
Бұл іс-шаралар өзендегі су деңгейінің күрт көтерілуін болдырмау және елді мекендерде су басу қаупін болдырмау үшін жүргізілді.
Өңірде өзендердің ашылуына мониторинг жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1191396?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау