Абай облысында қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау, инфрақұрылым объектілерін қорғау, жасыл желектер мен саябақтарды бұзбау – акцияның негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы 3987 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде:
«Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көп жағдайда құқықбұзушылықтар қарапайым ережелерді сақтамаудан туындайды. Біз тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын бұзбауға шақырамыз. Әрбір адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, өңіріміз әлдеқайда көркейе түседі».
«Таза Қазақстан» акциясы – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны сақтау мен қоғамдық абаттандыруға үлес қосу шарасы болып табылады.
Облыс тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз.
Қоршаған ортаны ластау, ортақ пайдаланылатын орындарды бүлдіру, жасыл желектерді жою және абаттандыру қағидаларын бұзу – заңмен жауапкершілікке әкеп соғады. Әрбір азаматтың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігі – өңіріміздің көркеюі мен тазалығының кепілі.
Таза аула, таза көше, таза қала – өзімізден басталады!
Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
«Таза Қазақстан» акциясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті және өңірдің тұрақты дамуының маңызды шарты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1191674?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау