“Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы “Жамбыл жоғары медициналық колледжі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Интернет-алаяқтық», «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» және «Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен шағымдану» тақырыптарында лекция оқылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26.03.2026 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Р. Норматова, Ж. Досмырзаевамен және адвокат Д. Арғынбаевмен “Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы “Жамбыл жоғары медициналық колледжі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Интернет-алаяқтық», «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» және «Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен шағымдану» тақырыптарында лекция оқылды.

Іс-шара барысында, алаяқтықтың алдын алу үшін интернет желісінде мобильді нөмірлер туралы мәліметтерді олардың сауалнама деректеріне байланыстырмай, әлеуметтік желідегі парақшаларда, желіде берілетін хабарландыруларда ұялы телефон нөмірін аты-жөнімен, тұрғылықты мекенжайымен және басқа да жеке ақпаратпен қатар көрсетпеу банктік карталарға және «Мобильді банк» қызметіне тіркелген ұялы телефон нөмірлерін интернет желісінде пайдаланбау керектігі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру-осы теріс құбылыстардың алдын алу және сот актілеріне заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның тәуелсіздік принциптері түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тәлімгерлер мен мұғалімдердің сұрақтарына жауаптар беріліп, интернет желісінде ақпарат алмасудың ең ірі құралы бола отырып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қылмыстардың қарқынды өсуі туралы айтылды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1191784?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version