СОЗАҚТЫҚ БАЛУАНДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ТОП ЖАРДЫ
Кентау қаласында жасөспірімдер арасында белбеу күресінен республикалық чемпионат өтті. Дәстүрлі дода КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулетбек Байжігітұлын еске алуға арналды. Аталған жарысқа Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Қызылорда және Жетісу облыстарынан келген 11 команда қатысты. Жалпы саны 160-қа жуық жас спортшы белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған жас спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Ақылбек барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Ол алдағы Азия чемпионатына жолдама алып, ел намысын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, 80 келі салмақта Қәдірбек Жандаулет күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал, 50 келі салмақта Абыл Ерлан жүлделі үшінші орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді. Жеңімпаздар «Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ң шәкірттері. Айта кетейік, мұндай ауқымды жарыстар өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулуға және ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге үлкен серпін береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
СОЗАКСКИЕ БОРЦЫ УСПЕШНО ВЫСТУПИЛИ НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ ЧЕМПИОНАТЕ
В городе Кентау прошел республиканский чемпионат борьбе на поясе среди юношей. Традиционные соревнования были посвящены памяти мастера спорта СССР, заслуженного тренера Республики Казахстан Даулетбека Байжигитулы. В соревнованиях приняли участие 11 команд из городов Астаны, Шымкента и Алматинской, Туркестанской, Костанайской, Акмолинской, Актюбинской, Павлодарской, Атырауской, Кызылординской и Жетысуской областей. В общей сложности около 160 юных спортсменов определяли сильных между собой.
По итогам соревнований юные спортсмены, представлявшие Туркестанскую область, показали лучшие результаты и вышли на подиум почета. В частности, в весовой категории 90 кг Олжас Акылбек победил всех соперников с явным преимуществом и стал чемпионом. Он получил путевку на предстоящий чемпионат Азии и возможность защищать честь страны на международном уровне. Также в весовой категории 80 кг Кадирбек Жандаулет завоевал серебряную медаль. В весовой категории 50 кг Абыл Ерлан занял третье место и завоевал бронзовую медаль. Победители – воспитанники КГУ “Созакская районная детско-юношеская спортивная школа №1”. Отметим, что такие масштабные соревнования дадут большой импульс развитию массового спорта в регионе, приобщению подростков к здоровому образу жизни и популяризации национальных видов спорта.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1191976?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау