⚜️ БЕЙНЕТТЕН ЗЕЙНЕТКЕ: МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін еңбекпен өрілген ғұмырдың еленген күні! Отыз жылға жуық ғұмырын еңбек қатынастары саласына арнап, табанды еңбегінің арқасында адал қызмет атқарып, заң талаптарының сақталуына, жұмысшылардың құқықтарының қорғалуына зор үлес қосып, кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерін ұштастыра білген ардақты әріптесіміз Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы зейнеткерлік кезеңге аяқ басты. Бұл – бейнеттің зейнетке ұласқан, мағыналы да мазмұнды ғұмырдың заңды жалғасы.
 
Еңбек жолы – бұл тек атқарылған қызметтің тізбегі ғана емес, ол – төгілген тер, жинақталған тәжірибе, қалыптасқан тұлғалық қасиет пен ұрпаққа үлгі болар өнеге. Жылдар бойы жинаған білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, әріптестер арасында сый-құрметке ие болған азаматтың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.
 
Асқар Сейтқазыұлы, Сіз қызмет еткен жылдар – тек атқарылған қызмет емес, ол – ұжымның дамуына қосылған өлшеусіз үлес, өнегелі өмірдің жарқын көрінісі. Бұл еңбекке деген шынайы көзқарасыңыз – кейінгі буын үшін үлкен үлгі. Еңбегіңіздің жемісін көріп, құрмет пен сыйға бөлене беріңіз!
 
Еңбек жолын абыроймен аяқтап, зейнеткерлікке шыққан әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1192587?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version