Бекітілген жоспарлы мониторинг кестесіне сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы комиссиясы Ақмола облысы Бурабай ауданының: “Береке-Бурабай” ЖШС, “Щучинский шипажайы” АҚ, “Алмаз шипажайы” ЖШС, әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген, санаторлық ұйымдарына баруды жүзеге асырды.
Мониторинг барысында Комиссия мүшелері өнім берушілердің қызметіне кешенді бағалау жүргізді. Өнім беруші мәлімдеген тауарлардың және (немесе) қызметтердің сипаттамаларының жіктеуішке сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, комиссия мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін санаторий ұйымдары объектілерінің қолжетімділік деңгейін бағалады. Тексеру кедергісіз ортаның болуы мен жай-күйін, қозғалыс ыңғайлылығын және инфрақұрылымның инклюзивтілік талаптарына сәйкестігін талдауды қамтыды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1192875?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау