Академиялық адалдық лигасына кіру және оны дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жастардың бойында заңға бағынушылық, әділдік пен жауапкершілікке негізделген тұрақты құндылық ұстанымдарын қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасына кіру және осы институтты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жұмыс жиыны өтті.

Кеңеске Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Академиялық адалдық лигасының жобалық-кеңсесінің басшысы Нұргүл Нұрлан, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Академиялық адалдық лигасының құрамын кеңейту бойынша ұсыныстары мен оны дамытудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ жастар арасында адалдық пен парасаттылық мәдениетін қалыптастырудағы университеттердің рөліне ерекше назар аударылатыны айтылды.

«Жастар мемлекеттік қызметке, бизнеске және қоғамдық өмірге университетте қалыптастырған құндылықтарды алып келеді. Сондықтан жоғары оқу орындарының адалдық пен әділдіктің алдыңғы шебінде болуының маңызы зор. Академиялық адалдық лигасы осы қағидаттарды университеттің барлық саласында насихаттайтын оқу орындарын біріктіреді», – деді Гүлзат Көбенова.

Академиялық адалдық лигасы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл Лига еліміздің 36 жоғары оқу орнын біріктіріп отыр.

Кездесу аясында Лига қызметіне қалған университеттерді тарту мәселелеріне ерекше аударылды. Қазіргі уақытта оларды кезең-кезеңімен қосу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары оқу орындарының ректорлары Академиялық адалдық лигасына кіруге және оның қағидаттарын ілгерілетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар білім беру жүйесінде академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1192610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version