Ақтөбе облысының оқушысы ауыл мектептері арасындағы үздік оқушы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Даниярбек Мағжан республикалық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, «Үздік ауыл мектебінің оқушысы — 2026» құрметті атағына ие болды.

Бұл жоғары марапат — оның қажырлы еңбегі, білімге деген ұмтылысы және ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелерінің лайықты бағасы.

Аталған жетістік Ақтөбе облысының талантты әрі мақсатшыл жастары еліміз деңгейінде өздерін лайықты таныта алатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.Мағжанды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1192603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version