Ақтөбе қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мейрамы қарсаңында халық көп тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру және негізсіз қымбаттаудың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобы мониторинг жүргізді.

Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Рамазанқызының бастамасымен өткен бұл мониторинг жұмысына бірқатар депутаттар мен облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы қатысты.

Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік дүкендер мен коммуналдық базарларды, соның ішінде «Сити» шағын ауданында орналасқан сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тексерді.

Мониторингтің негізгі мақсаттары:
Мереке қарсаңында сұранысқа ие тауарлардың (ұн, май, қант, көкөністер және т.б.) бағасына бақылау жасау;
Сауда үстемесінің белгіленген мөлшерден (15%-дан) аспауын қадағалау;
Тұрақтандыру қорынан жеткізілетін өнімдердің қолжетімділігін тексеру.

«Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің мерекесі. Сондықтан бұл күндері халық үшін ең қажетті азық-түлік бағасының тұрақты болуы басты назарда. Біз сауда орындарының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны негізсіз көтермеу мәселесін бақылауда ұстап отырмыз», – деп атап өтті Гүлқасима Рамазанқызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1192791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version