2026 жылғы 3 сәуірде сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 “Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 13-2 “Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әр түрлі
21-1-40 телефоны бойынша анықтама
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-gm/press/news/details/1192416?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау