Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қабылдау барысында өңір тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерін көтеріп, медициналық қызмет сапасы, ем алу, дәрігер қабылдауына жазылу, сондай-ақ нақты жағдайлар бойынша сұрақтарын жолдады. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, кейбірі жауапты мамандарға жолданып, бақылауға алынды.

Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтудың, тұрғындардың сұранысы мен ұсынысын ескерудің маңызды тетігі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1192713?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version