Батыс Қазақстан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өттті.
Жиын барысында өңірдегі ахуал және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы қаралды. Сонымен қатар, жұмыс барысында туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Кездесу аясында жауапты органдардың атқарған жұмыстары қорытындыланып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Сондай-ақ, жастар арасында радикалды идеалогияның таралуына жол бермеу, интернет кеңістіктегі қауіптердің алдын алу және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жұмыстар айқындалып, тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192775?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау