Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде:
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» – бұл бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы», – деп атап өткен еді.
Аудандық мәслихат төрағасы О. Канагатов аудан халқын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырды:
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды еліміз бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамын. Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Аула, көше, саябақтар мен қоғамдық орындардың таза болуы – біздің мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрінісі.Осы ретте баршаңызды сенбіліктерге қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестеріңізді қосуға үндеймін. Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Бірге күш біріктірсек, ауданымызды көркейтіп, таза әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз.
Тазалық – өзімізден басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1192522?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау