ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Өңірде кейінгі 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. 2 жаңа қосалқы станса мен өндірістік жөндеу базасы салынды. ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС Орал қалалық электр торабының Зачаган кентінде орналасқан кешенінде болды. Ол еңбек ұжымымен жүздесіп, материалдық-техникалық мүмкіндіктерге назар аударды.

Ермек Маржықпаевқа 138 шақырым электр желілерін жаңғыртуға бағытталған үш кезеңнен тұратын жоба таныстырылды. Оның аясында «Зачаган-Переметный», «Переметный-Тасқала» және «Чапаев-Қабыршақты» бағыттарында 110 кВ әуе желісі тартылып, елді мекендер сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Қазір 2 кезең аяқталып, үшінші учаскеде жұмыстар жүріп жатыр. Бағаналардың арақашықтығы 2 есе жақындай түседі. Бүгінде 800 тіректің 550-і орнатылған. Мердігерлер отандық өнімді пайдалануға басымдық берген.

Айта кетейік, жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 75,4 пайызға төмендеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1192260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version