Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторы А.У. Абдрахманов «Azot Mining Services-Kazakhstan» ЖШС-інде болған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру барысында жұмысшыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыс барысында ҚР еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері түсіндірілді: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері, жұмыс орындарындағы өндірістік жарақаттануды төмендету, жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, кәсіптік тәуекелдерді бағалау және оларды басқару рәсімдерін жүргізу, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ), өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу жүйесі , жалақы төлеу, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар мәселелері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1192653?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау