ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕРТЕҢІНЕ КЕПІЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 1 сәуірде Исатай ауданында аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

         Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов төрағалық етті. Жиынға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысып, еңбек заңнамасының талаптары жан-жақты түсіндірілді.

         Кездесу барысында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Самал Үбіғалиева еңбек заңнамасының негізгі талаптарына тоқталды. Атап айтқанда, еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне тіркеу, ұжымдық шарттарды рәсімдеу, қызметкерлерді міндетті сақтандыру және әкімшілік жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

         Кездесу қорытындысында қатысушыларға тәжірибелік көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

        

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1192933?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version