Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста кәмелетке толмағандар арасында суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, тәуекел тобына жататын балалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың жай-күйі жан-жақты қаралды.

Жиын барысында мектеп психологтарының жұмысын күшейту, олардың біліктілігін арттыру, ата-аналарға балалардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қауіпсіз пайдалануын түсіндіру жұмыстарын жандандыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау және олармен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, «Сенім телефоны» мен «Komek Stop Bullying» мобильдік қосымшасы туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ ата-аналардың жұмыс орындарында ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарына аталған факті бойынша тексеру жүргізіп, оның нәтижелері туралы уақтылы ақпарат беру жүктелді.

Берілген тапсырмалардың орындалуы жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1192374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version