Комитет төрағасының орынбасары Абай облысындағы энергия нысандарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК-ның бірқатар энергия нысандарын аралады.

Сапар барысында 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясындағы жөндеу жұмыстарының жоспарлары қаралды.

Кәсіпорын тарапынан жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған бюджеттік және ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылып жатқан жылу желілері мен қазандықтарды қайта жаңғырту жөніндегі іс-шаралар ұсынылды.

Сапар қорытындысы бойынша жөндеу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету және бекітілген жұмыс кестелерін қатаң сақтау бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1192172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version