Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Халықаралық көлік-логистика форумының (ХКЛФ) аясында өткен панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.
Панельдік сессия ТМД және БРИКС елдерінде жол саласын битумды тұтқыр материалдармен қамтамасыз етудің нормативтік базасын дамыту мәселелеріне арналды.
Өз сөзінде Мақсат Баяхмет форум қатысушыларына Қазақстанның жол саласын реттеу саласындағы тәжірибесін ұсынды. Атап айтқанда, ол республикада битум материалдарын қолдануды реттейтін қолданыстағы нормативтік талаптар, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде тұтқыр компоненттердің сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді.
Баяндаманың барысында нормативтік базаны жетілдіру, озық технологияларды енгізу және материалдарға қойылатын талаптарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл автомобиль жолдарының беріктігі мен пайдалану сипаттамаларына тікелей әсер етеді. Спикер ұсынған елдегі тәжірибе сессия қатысушыларының қызығушылығын тудырды және ТМД мен БРИКС елдерінің өкілдері арасындағы кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Халықаралық көлік-логистика форумы мыңнан астам сарапшыны, мемлекеттік органдардың, бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысуда. Оның құрамына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері енгізілген.
Форум көлік логистикасын дамыту, саланы цифрландыру, инновациялық шешімдерді енгізу және жаһандық көліктік байланысты нығайту мәселелеріне бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1192424?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау