«Оқырмандар шыңы» жобасы аясында «Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі» атты заманауи оқырмандар алаңының ашылу салтанаты өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 РУХАНИЯТ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде «Оқырмандар шыңы» жобасы аясында «Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі» атты заманауи оқырмандар алаңының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Екпінді ауылдық округінің әкімі Бақытбек Белгібекұлы Сүлейменов, ауылдың ақсақалдары мен аналар кеңесінің өкілдері, кітапхана саласының ардагерлері, ауыл кітапханасының меңгерушісі, демеуші азаматтар мен ұстаздар қатысып, игі бастамаға ақ тілектерін арнады.
Бұл жаңа алаң – жай ғана кітап оқитын орын емес. Бұл – жас ұрпақты білімге, ізденіске, кітап оқуға баулитын, рухани дүниесін байытатын тағылымды орта. Мектеп директоры Сырым Құсайынұлы Байбатшановтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Шара барысында 5-сынып оқушылары «Сиқырлы кітапхана есігі» атты әсерлі қойылым ұсынып, аруларымыз «Кітап биін» орындады. Оқушылардың өнері мен белсенділігі кітаптың әрдайым адам өміріндегі орны ерекше екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.
Сондай-ақ, жобаның ұйытқысы болған мектеп кітапханашысы Жұлдыз Халыққызы Назарова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ляззат Әбілқайырқызы жобаның алдағы жоспарларымен бөлісіп, бұл бастаманың әлі талай игі іске жол ашатынын жеткізді.
✨ Кітап – сарқылмас қазына, рухани байлықтың бастауы. «Оқырмандар шыңы» жобасы аясында ашылған бұл алаң шәкірттерімізді білім биігіне жетелейтін жарқын орталық болсын! Әр баланың қолынан кітап түспей, көкейінде білім мен ізгілік нұры арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1192347?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version