Қазақстан мен Ресей ұшқышсыз көлік пен көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі Меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санкт-Петербург қаласында Халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасында ұшқышсыз көлік пен көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу және рұқсат беру мен тауар құжаттарын электрондық форматқа көшіру бойынша ынтымақтастықты реттейді.

Тараптар тәжірибе мен ақпарат алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізу мен заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды жоспарлауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1192177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version