Округ аумағында шартты түрде сотталған азаматтардың отбасылық-тұрмыстық жағдайларын зерделеу және олардың мінез-құлқын бақылау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді. учаскелік полиция инспекторы Б. Жұмағалиев аталған санаттағы азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру іс-шараларын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайлары, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және тұрмыс-тіршілігі жан-жақты қаралды.
Тексеру нәтижесінде азаматтар тұрақты бақылауға алынып, олардың қайта құқық бұзушылыққа жол бермеуінің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1192354?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау