Ақшоқы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 2 сәуір күні өткізілген бейсенбілік – туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Мекеме аумағын тазарту, айналаны ретке келтіру жұмыстары – тек бір күндік шара емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, қоршаған ортаға деген құрметін күшейтеді. Таза әрі көрікті ауыл – әрбір азаматтың ортақ еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1192649?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау