Жданов ауылдық округінің аумағында қоғамдық жұмысшылар тарапынан тұрақты негізде тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, еңбек етушілердің еңбегін құрметтеуге және тазалықты сақтауға шақырамыз. Елді мекен аумағын ластамауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап, таза күйде ұстау қажеттігін еске саламыз.
Абаттандыру қағидаларын бұзу және аумақты ластау фактілері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз.
#тазақазақстан🇰🇿 #тазаауыл#берегитеокружающуюсреду
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1192191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау