Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі №2 Атырау қалалық полиция бөліміне мониторинг жасады.
Амангелді Абдолов бөлім басшысы Аман Измаганбетовпен кездесіп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Ғимаратта қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған, материалды-техникалық базасы толықтай қамтылған.
Полиция бөлімнің әкімшілік аумағы 50 мың шаршы метрді құрайды. Халық саны – 118250 адам. Мұнда 23 мектеп, 1 университет, 3 коллеедж, 2 базар, 3 емхана, әскери бөлім, теміржол вокзалы, автобекет, халыққа қызмет көрсету орталығы және 3 мешіи орналасқан.
Сонымен бірге, өңірлік өкіл осы бөлімге қарасты Атырау қаласының полиция бөлімінің №1 учаскелік полиция бекеті және Геолог, Талғайран, Акжар мен Аксай ауылдарында орналасқан полиция бекеттерін қарап шықты.
Жалпы, №2 Атырау қалалық полиция бөліміне 9 учаскелік полиция бекеті кіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193202?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау