Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуратурасы
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлесе отырып,
«Koksai Resort» этно-туристік демалыс аймағы жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады.
Инвестор нысанды газбен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органға 2024 жылы жүгінген. Алайда өтініш ұзақ уақыт қаралмай тұрған. Аудандық әкімдік қаржыландыру жоқтығына сілтеп, бірнеше рет инфрақұрылымдық жобаны кері қайтарған.
Прокуратура тексерісінен кейін барлық әкімшілік кедергі жойылды. Инвестор Аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды, ал Ұлттық экономика министрлігі нысанға газ жүргізу үшін бюджеттік өтінімді мақұлдады.
Анықталған бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Инвестордың құқығының қорғалуы «Koksai Resort» жобасын іске асыруға жол ашып, жаңа жұмыс орындарын құруға, салық түсімін арттыруға және аймақтағы туристік кластерді дамытуға маңызды серпін береді.
Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 775 891 25 52 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1193595?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау