2026 жылдың 03 сәуір күні Айыртау ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен онлайн-режимде кеңес өтті. Кездесу барысында білім беру процесін ұйымдастыру және білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды.
Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.С.Кауымбекова балаларды 2026-2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпаратпен сөз сөйледі.
Сонымен қатар, кеңесте аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Қадыров Н.А. сөз сөйлеп, білім беру нысандарының алдын алу және терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді. Өз сөзінде ол қауіпсіздік талаптарын сақтаудың, алдын алу іс-шараларын жүргізудің және білім беру мекемелері қызметкерлерінің қырағылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1193373?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау