Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда қалдықтарды басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіліп, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен Green Recycle қоқыс сұрыптау кешені базасында өткен кеңесте талқыланды.

Жиынға қоқыс шығаратын ұйымдардың өкілдері мен аудан әкімдерінің көріктендіру жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Қазіргі таңда қалада 20 қоқыс шығаратын ұйым жұмыс істейді, 258 бірлік арнайы техника тартылған. Оларға бес жыл мерзімге жасалған келісімшарттар негізінде жауапкершілік аймақтары бөлініп, қызмет көрсету учаскелері бекітілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 595 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды. Ал 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 77 мың тоннадан асты.

Талқылау барысында саланы цифрландыру мәселелері басты назарға алынды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары GPS жүйесі орнатылмаған әрі «АҚ Тәртіп» ЖШС әзірлеген автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қосылмаған техникаларды толықтай жабдықтауды тапсырды.
Бұл жүйе арқылы техниканың нақты уақыттағы орналасуын және қозғалыс бағытын бақылауға болады. Соның нәтижесінде белгіленген кестеден ауытқулардың алдын алып, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алады.

«Eco Almaty» ЖШС қалдықтардың тасымалы мен қоқыс шығаратын ұйымдардың жұмысын қадағалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1193277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version