Ақмолалық оқушылар республикалық география және химия олимпиадасында жүлдегер атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында 2026 жылғы 27 наурыз – 1 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласы білім басқармасы мен Алматы қаласы білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы.

Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, география пәні бойынша – 8 оқушы, химия пәні бойынша  – 6 оқушы. Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша Ақмола облысының қатысушылары тамаша нәтиже көрсетті.

II-дәрежелі дипломмен:

Арынов Дамир “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “География” пәні бойынша марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен:

  1. Азиз Алиихсан — Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Химия” пәні бойынша;
  2. Серік Арғын — “Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, “География” пәні бойынша;
  3. Булкаиров Бақтияр — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “География” пәні бойынша;
  4. Төлегенов Ерсұлтан — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “География” пәні бойынша;
  5. Хуатбек Нұрсерік — “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “География” пәні бойынша марапатталды.

Грамотамен Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, “Химия” пәні бойынша Ербол Лейла марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1193451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version