Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталғаны туралы хабарлайды.

Қаладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Атап айтқанда, 4 сәуірден 4 мамыр аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жабынына орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс ішінара шектеледі.

– 5 сәуірі мен маусым айы аралығында Е68 көшесінің А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

– Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстары жалғасады. Аталған учаскеде көлік қозғалысы 5 сәуірден бастап қараша айына дейін толықтай шектеледі.

– «Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба аясында Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейінгі аралық 5 сәуірден 10 қазанға дейін қозғалыс үшін толық жабылады.

Сонымен қатар, Кенесары көшесінде А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары басталады (2025 жылы Кенесары көшесінде Е. Брусиловский көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген). Жұмыстар 5–20 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жүргізілідеді.

Қазіргі уақытта М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта да жұмыстар жүргізілуде.

Толық жабылатын учаскелерде автокөлік қозғалысы баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылады.

Жабу сызбалары карусельде ұсынылған.

Жоғарыда аталған шектеулерге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістерді азайту мақсатында қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Жақын уақытта жоспарланған жұмыстар:

• Ақан сері көшесі (Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін);

• Алаш тасжолы (69-көшеден «Астана қаласының айналма жолына» дейін);

• Жаркент көшесі (Ш. Құдайбердіұлы көшесінен Хантау көшесіне дейін);

• Жанарыс көшесі (Сілеті көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін);

• 489-көше (абаттандыру жұмыстары), сондай-ақ басқа да учаскелер.

Аталған көшелердегі қозғалысқа уақытша шектеулер енгізу мерзімдері туралы ақпарат қосымша ресми дереккөздерде жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1193903?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version