Атырау облысы Әділет департаменті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің арасында кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаменті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің арасындағы заң клиникасының жұмыс істеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум бойынша өзара байланыс нығайтылып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Әділет департаментінің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, алдағы бірлескен жоспарлар пысықталды. Тараптар құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жетілдіру, қоғамдық қабылдауларды жүйелі түрде өткізу, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беруді қарастырды.
Сонымен қатар, Заң клиникасының қызметін мамандармен қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және жұмыс барысын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты күшейтіп, халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету бағытында өзара іс-қимылды жандандыруды талқылап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1193164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version