Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды демократияландыруды ілгерілету, жүргізіліп жатқан реформалар туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осыған орай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізуде. Кезекті көшпелі кездесу А.Қалыбеков ауылдық округінде ұйымдастырылып, оған аудан активі мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, 2026 жылға жоспарланған негізгі жобалар мен міндеттерді таныстырды. Сонымен қатар, А.Қалыбеков ауылдық округінде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударды.
Кездесу соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей аудан әкіміне жеткізді.
Барлық сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Мақтаарал ауданында халықпен ашық диалог орнату және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1193482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау