Аудан прокуратурасымен су тасқынына қарсы жұмыстарға жергілікті жерге көшпелі тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Қоянды ауылында су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту, сондай-ақ су басу қаупінің алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында инертті материалдардың қоры, арнайы техникалардың дайындығы және су өткізу арналарының жағдайы тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1193319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version