2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бейсенбайұлы Бердалин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қызылжар ауданы Якорь ауылында салынған ветеринариялық пункттің жұмысымен танысуға барды. Аталған нысан 2025 жылы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту туралы тапсырмасын орындау жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жол картасын іске асыру аясында тұрғызылды.
Ветеринариялық пункт барлық қажетті жабдықтармен: тоңазытқыш камералармен, құралдармен, жиһазбен және компьютерлік техникамен жабдықталған. Ветеринариялық пункт халыққа қолжетімді ветеринариялық және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері үшін профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың сапасын арттырады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі мал дәрігерлері жұмысының ұйымдастырылуымен танысып, ауданның ветеринариялық қызметінің жұмысына оң баға берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-veterinary/press/news/details/1193243?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау