Республикалық референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Мәртебелі марапаттарды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев арнайы табыстап, марапат иелеріне зор құрмет көрсетті.
Салтанатты рәсім барысында марапат иелерін құттықтап, олардың ел дамуына қосып жүрген үлесін ерекше аталып өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің салалық орынбасары, бөлім басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысып, марапат иелеріне ізгі тілектерін білдірді.
Мұндай марапаттар – елдік істерге белсене атсалысып жүрген азаматтардың еңбегіне берілген жоғары баға.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1193842?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау