БАЛАЛАРДЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТУДЕН ҚОРҒАЙЫҚ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы жылдары Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларының көбеюі алаңдаушылық туғызуда. Өткен жылдың өзінде «112» қызметіне осындай 237 оқиға тіркеліп, оның 45-і қайғылы жағдаймен аяқталған.

Бұл жағдайлардың негізгі себептері:

  • ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі;

  • терезелерде  қауіпсіздік    құрылғыларының   болмауы немесе дұрыс

қолданылмауы;

  • терезе конструкцияларының балалар үшін қауіпті болуы.

ЕСКЕ САЛАМЫЗ:

Қолданыстағы нормативтерге сәйкес тұрғын үйлердегі терезелер қауіпсіздік құлыптарымен немесе арнайы шектеуіш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

АТА-АНАЛАРҒА МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе ашық терезе жанында;

  • Терезе алдына жиһаз қоймаңыз (бала шығып кетуі мүмкін);

  • Терезелерге арнайы бұғаттауыштар мен шектеуіштер орнатыңыз;

  • Москит торлар баланы ұстап қалмайтынын ұмытпаңыз!

Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен сіздердің жауапкершілігіңізде. Қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайларды алдын алуға көмектеседі.

Балалардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1193547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version