Балпық ауылдық округі бойынша тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балпық ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендердің көркеюін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемде тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарда қоқыстар тазартылып, жол жиектері ретке келтірілуде. Сонымен қатар, ағаштардың діңгектерін әктеу, қоршаулар мен аялдамаларды сырлау жұмыстары атқарылуда.
Аула аумақтары мен мекеме маңдары тазартылып, тұрғындар арасында тазалықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі кезеңге байланысты арық-атыздар тазаланып, су өткізу жүйелері қалыпқа келтірілуде.
Бұл жұмыстарға қоғамдық жұмышылар белсенді қатысуда.
Тазалық – ортақ іс. Сондықтан барлық тұрғындарды өз ауласын таза ұстап, ауылдың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1193344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version