Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
   2026 жылдың 30 наурыз – 3 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ысқақова, Б.Еркебаев, Б.Сыздықов, Ә.Мампаев және И.Басықараев қабылдауларын өткізді.
   Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді.
   – «Қызылорда тазалығы» мекемесі арқылы шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару төлеміне қатысты;
   – Ота жасатуға баруына байланысты қаржылай көмек;
   – Хон Бом До көшесіндегі (бұрынғы таксопарк маңы) темір жол өткелін төрт жолақты етіп кеңейтіп, айналма жол ұйымдастыру;
   – Мемлекеттік бағдармалар арқылы жеңілдікпен баспана алу;
   – Бегім ана көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне, шатырына, қоршауына жөндеу жұмыстарын жүргізу және ауласына спорт ойын алаңын орнату мәселелері.
   Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілуіне өз тараптарынан жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1193812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version