Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Мақат ауданының полиция бөлімі Доссор полиция бөлімшесі №3 учаскелік полиция пунктінің қызметімен танысты.
Жалпы Доссор полиция бөлімшесінің штатында 18 полиция қызметкері бар. Оның ішінде 8 – учаскелік инспектор. Бөлім материалдық-техникалық жағынан толық қамтылғанымен, бірақ полиция әбден тозығы жеткен, өткен ғасырдың 60-шы жалдары салынған ғимаратта орналасқан екен. Сондықтан мұнда қарапайым қажеттіліктерге арналған (жуынатын, дәретхана) орындар жоқ.
№3 УПП-на қарасты аумақта 13 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 5 мектеп, 5 балабқша, 1 коледж орналасқан.
Пробация есебінде 21 тұлға тұрады, қолайсыз отбасынан 6 тұлға, бұрынғы сотталғандардан 3 тұлға бар. Жасөспірімдер жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау