Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Шөмішбай Сариев – қос қанатты ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараға ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, журналистер, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен студенттер және ақынның туыстары қатысты.
Қонақтарға ақын шығармашылығына арналған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шөмішбай Сариевке арналған зал бойынша экскурсия жүргізді. Мұнда автордың жеке кітаптары мен қолжазбалары, марапаттары, сондай-ақ, 1000-ға жуық өзге де кітаптар мен архивтік құжаттар сақталған.
Іс-шара аясында ақын шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылып, жақындары естеліктерін бөлісті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1193442?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау