Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Атырау телеарнасына берген сұхбатында 2026 жылғы наурыздан бастап күшіне енген еңбек заңнамасындағы өзгерістерді түсіндірді.
Атап айтқанда, енгізілген түзетулер кадрлық есептің ашықтығын арттыруға және еңбек қатынастары саласындағы тәртіпті күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕСУТД) мәліметтерді уақытылы және дұрыс енгізу талаптары күшейтілді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98-бабына сәйкес еңбек шарттарын жасасу, өзгерту немесе тоқтату туралы мәліметтерді енгізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Сұхбат барысында мамандар жұмыс берушілерге HR Enbek еңбек ресурстары порталының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды. Платформа деректердегі сәйкессіздіктерді автоматты түрде анықтап, жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарламалар жіберу арқылы бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, порталда «Жұмыскерлер бойынша алшақтықтар» интерактивті мониторинг тақтасы іске қосылған. Бұл құрал жұмыс берушілерге еңбек шарттары туралы мәліметтердің дұрыстығын және міндетті зейнетақы жарналарының толық аударылуын бақылауға мүмкіндік береді.
Департамент өкілдері жұмыс берушілерді еңбек шарттарын уақытылы тіркеп, заңнама талаптарын сақтауға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1193282?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау