Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 12 ақпан № 36-НҚ «Оқу-жаттығу өткізу кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әуе көлігімен аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында, Шымкент қаласы халықаралық әуежайында әуе кемелерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға күдіктенгенде немесе анықталған жағдайда қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл жоспарын пысықтау бойынша 2026 жылғы 02 сәуірде сағат 11:00-де (жергілікті уақыт бойынша) Шымкент қаласы халықаралық әуежайында «Этиологиясы белгісіз қызба» тақырыбында оқу жаттығу сабағының өтуіне байланысты, 2026 жылғы 01 сәуір сағат 11:00-де Шымкент халықаралық әуежайының «В» ғимаратында өтетін оқу-жаттығудың орындалуын пысықтау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында оқу жаттығудың маңыздылығы, әуежайында әуе кемелерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға күдіктенгенде немесе анықталған жағдайда қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1193619?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау