Италиялық турист Маңғыстауға таңданысын жасырмады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау өңірінің қайталанбас табиғаты шетелдік туристерді таңғалдыруын жалғастырып келеді. Маңғыстауға арнайы келген Италия азаматы өңірдің көркем ландшафтына ерекше сүйсініп, алған әсерімен бөлісті.

Оның айтуынша, Маңғыстаудың табиғи келбеті сөзбен сипаттауға келмейтін деңгейде әсер қалдырған.

«Бұл жер өте керемет. Мен мұнда Италиядан келдім, және менің сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес-осы ғажайып орынды, керемет шөлді көргендегі әсерімді түсіндіре алмаймын», – дейді шетелдік қонақ.

Турист әсіресе аймақтың ерекше географиялық бедеріне назар аударып, оны басқа планетамен салыстырды.

«Бұл Марста жүргендей әсер береді. Мен өзімді басқа бір әлемде жүргендей сезінемін, біздің әлемде емес сияқты», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Маңғыстауға сапар шегуді барша саяхатсүйер қауымға ұсынатынын жеткізді.

«Мен бұл орынды барлығына міндетті түрде ұсына аламын, ол сөзсіз», – деді турист.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай пікірлер өңірдің туристік әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Соңғы жылдары Маңғыстау шетелдік саяхатшылар үшін тартымды бағыттардың біріне айналып келеді. Табиғи нысандардың бірегейлігі, тарихи-мәдени мұралар мен ерекше ландшафт аймақтың халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға ықпал етуде.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1193188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version