Полиция азаматтардан тағы да қырағы болуды сұрайды.
Көкшетау қаласының полиция басқармасы 85 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен ірі интернет-алаяқтықты тергеп жатыр. Алдын ала деректер бойынша залалдың жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам. Алдау нәтижесінде зейнеткер депозитте сақталған қаражаттан ғана емес, өз пәтерінен де айырылған.
Анықталғандай, алаяқтық схема 2025 жылдың желтоқсанында өзін қалалық электр желісінің қызметкері етіп таныстырған белгісіз адамның телефон қоңырауынан басталған. Электр есептегішін ауыстыру сылтауымен қаскөй жәбірленушінің сауалнамалық деректерін иемденген.
Ағымдағы жылдың наурыз айында зейнеткерге тағы да қоңыраулар келіп түсті, бұл жолы өзін әділет органдарының қызметкерлері етіп таныстырған адамдардан. Жаңылыстыра отырып, қаскүнемдер оның атынан шетелге ақша аударымдары жүргізіліп жатқанын хабарлап, құжаттарды шұғыл түрде қайта ресімдеуге сендірген.
Психологиялық қысымға түскен зейнеткер курьерге (дропперге) депозитте сақталған 3,4 млн теңгеден астам ақшасын табыстаған. Одан кейін алаяқтардың нұсқауларына сүйене отырып, ол өзіне тиесілі пәтерді 9,7 миллион теңгеге сатып, барлық қаражатты берген.
Сатып алу-сату мәмілесі үшінші тұлғалардың — адвокат пен риэлторлардың қатысуымен жүзеге асырылған, олар өздері сатып алушы мен нотариусты рәсімдеу үшін тауып алған.
Бірнеше аптадан кейін ғана әйел алаяқтарға алданып қалғанын түсініп, полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері курьердің жеке басын жедел анықтады. Ол 75 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты, ол да қылмыстық схемаға қатысып, жәбірленушіден ақша алып, оларды қаскүнемдерге аударған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленуде.
Полиция департаменті азаматтарды тағы да қырағылық танытуға шақырады: белгісіз тұлғаларға банктік шоттар туралы жеке мәліметтер мен ақпараттарды хабарламаңыз, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерінің қоңырауларына сенбеңіз, ал мұндай қоңыраулар түскен кезде әңгімені дереу үзіп, полицияға немесе жақындарыңызға хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1193531?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау