Конституциялық Сот: процестік мерзімдерді реттеу құқықтық айқындық пен сот арқылы қорғалуға құқық арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа Азаматтық процестік кодекстің 126-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті. Аталған норма өткізіп алынған процестік мерзімдерді қалпына келтіру мәселелерін реттейді.

Өтініш иесiнің жүгінуі жер учаскесін иесіз деп тану туралы іспен байланысты. 2016 жылы сот аталған учаскені коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдаған. Өтініш беруші 2020 жылы мұрагерлік құқықтарын рәсімдей отырып, сот шешімі туралы тек 2024 жылы білгенін көрсеткен. Соттар апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруге негіздердің жоқ екені туралы қорытындыға келген.

Өтініш иесiнің пікірінше, дауланып отырған норма сот актісі туралы хабарланбаған жағдайда мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

Конституциялық Сот қолданыстағы құқықтық реттеу сот арқылы қорғалуға құқық пен құқықтық айқындық қағидаты арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Азаматтық процестік кодекстің 126-бабы төртінші бөлігі дәлелді себептер болған жағдайда өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігін көздейді, ал мұндай себептерді бағалау нақты істің мән-жайларын ескере отырып соттармен жүзеге асырылады.

Конституциялық Сот өтініште келтірілген уәждер норманың нақты жағдайда қолданылуына қатысты екенін, бұл жалпы юрисдикция соттарының бағалау нысаны болып табылатынын атап өтті. Дауланып отырған норма өз кезегінде сотқа уақтылы жүгіну мүмкіндігіне әсер ететін әртүрлі факторларды ескеруге мүмкіндік беретін жалпы процестік тетікті айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1193091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version