Kyzylorda Hub резиденті ұлттық стартап-батлда жеңімпаз атанды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында өткен ауқымды «Digital Qazaqstan Battle» ұлттық стартап-батлының финалында Kyzylorda Hub резиденті — «CortexAI» стартап жобасы жүлделі 2-орынды иеленіп, 5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа қол жеткізді!
Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен іріктеліп шыққан ең мықты 18 команда қатысты. Батлға тек алғашқы сатылымдары бар, заңды тұлға ретінде тіркелген және нарыққа шығуға дайын (MVP сатысындағы) стартаптар ғана жіберілді. Қазылар алқасы қатысушыларды жобаның өсу динамикасына, команда біліктілігіне, бизнесті масштабтау (кеңейту) мүмкіндігіне және венчурлық қорлар үшін тартымдылығына қарап жоғары деңгейде бағалады.
«CortexAI» стартап жобасы – медицина саласына арналған инновациялық шешім. Жоба трансплантацияланатын (ауыстырылып салынатын) бүйректің ағзада қабылданбау қаупін алдын ала болжайтын жасанды интеллект (ЖИ) жүйесі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1193593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version