2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жұмыс кездесуі өтті.
Жиынға департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов төрағалық етті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер тарапынан еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, жүргізілген мониторинг нәтижесінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек шарттары жүйеде тіркелмегені анықталғаны айтылды.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану, корпоративішілік ауыстыру тәртібі, сондай-ақ еңбек шарттарын ЕШЕБЖ жүйесінде уақтылы тіркеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуге өңір кәсіпорындарының басшылары мен кадр қызметінің мамандары қатысып, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1193209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау